Германияда мешіт жабылды

Бүгін Германия полициясы Гамбург қаласындағы мешітті жапты. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мешіт - 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та террористік акт ұйымдастырған террористердің штаб-пәтері болып табылады.

Мешіттегі араб--герман мәдени орталығы да жабылды.

Билік әзірге бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме берген жоқ.

11 қыркүйкте терракт ұйымдастырған 11 адам және олардың жетекшісі Мохаммед Атта осы мешітте жиі кездесіп отырған.