Пәкістанда су тасқынынан 14 миллион адам зардап шекті

Бүгін, су басу қауіпі төніп тұрған Пәкістанның орталығындағы Музаффаргарх қаласының 250 мыңға жуық тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

БҰҰ-ның гуманитарлық ұйымдарының хабарлауынша, Пәкістанда соңғы екі аптаның ішінде 14 миллион адам зардап шеккен. Ресми мәлімет бойынша қаза болғандар саны бір жарым мыңнан асады.

Су тасқынына толассыз жауған жауын себеп. Соның кесірінен Пәкістанның солтүстігі мен орталығында орналасқан өзендер арнасынан шығып кетті.