Аляскадағы ұшақ апатында аман қалғандар бар

Аляскада болған ұшақ апатында EADS North America компаниясының басшысы, бұрынырақта американдық НАСА агенттігін басқарған 54 жастағы Шон О’Киф пен оның ұлы аман қалды.

Сейсенбі күні Аляскада шағын жолаушы ұшағы апатқа ұшырады. Бес адам қаза болып, оның ішінде Аляска штатынан сайланған бұрынғы сенатор Тед Стивенс бар.