Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен жаттығу өткізіп жатыр

Бүгін 30 мыңға жуық америкалық және 56 мыңға жауық оңтүстіккореялық жауынген бірлескен жаттығу бастады. 11 күнге созылатын жаттығулар Корея түбегінің оңтүстігінде өтеді.

Жаттығулар, Солтүстік Кореяның жексенбі күнгі ескертулеріне қарамастан басталып отыр. Солтүстік Корея, Вашингтон мен Сеул тарапынан қандай да бір арандатушылық әрекет байқалса, өзінің "аяусыз соққы" беретінін мәлімдеген еді.