Пан Ги Мун Пәкістанның су басқан аймақтарын аралап көрді

Пәкістанның су тасқынына ұшыраған аймақтарын аралаған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұл ең ауыр табиғат апаты екенін айтты.

Жексенбі күні Пан Ги Мун елдің 20 миллионнан аса халқына зиян шектірген Пәкістандағы су тасқынының зардаптарын бағалауға барған еді. БҰҰ бас хатшысы сапар кезінде өзінің пәкістандықтарға ең қиын сәтте әлем елдері сіздермен бірге деп айтуға келгенін айтты.

Бас хатшы осы аптаның соңында БҰҰ Бас ассамблеясының жиынын өткізіп, Пәкістанға көбірек көмек беру жағын қарастыратынын мәлімдеді.