Пәкістан: халықаралық көмек экстремистер қолына тимейді

Пәкістан билігі елге жіберілген халықаралық көмек экстремистер қолына тимейтіндігін мәлімдеді.

Бұған дейін Пәкістанда азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шабуыл жасалып жатыр деген ақпарат тараған. Елдің солтүстік-батыс облыстарының басшылары аймаққа ашаршылық қаупі төніп тұрғандығын айтады.

Пәкістанда осыдан үш апта бұрын басталған тасқыннан халықтың тоғыздан бірі зардап шегіп отыр. Бұл шамамен 20 миллион адам.