АҚШ өткен жылы 400 мың заңсыз иммигрантты депортациялаған

АҚШ 2009 жылы шамамен 400 мың заңсыз иммигрантты депортациялады. Олардың 130 мыңының қылмыстық әлемге қатысы бар болғаны анықталды деп жазылған АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментінің баяндамасында. Департаменттың мәліметі бойынша сыртқа қайтарылғандардың көбі - Мексика азаматтары.

Ресми ақпаратқа қарағанда, қазір Америкада 11 миллионнан аса иммигрант бар. Олардың көбі Латын Америкасынан келген.