БҰҰ: Пәкістанда 4 млн адам баспанасыз қалды

Пәкістанда тасқын салдарынан баспанасыз қалған азаматтардың саны 4 миллионға жетті. Бұл туралы Рейтер агенттігіне хабарлаған БҰҰ-ның өкілі Маурицио Джулиано, жағдайдың күрделі екендігін айтады. 

Бұдан бұрын БҰҰ баспанасыз қалғандардың саны 2 миллион деген болатын.