Филиппинде жолаушылар автобусы кепілге алынды

Филиппиннің астанасы Манилада бұрынғы полицей 25 жолаушысы бар автобусты кепілге алды. Жолаушылардың дені – Оңтүстік Кореядан келген саяхатшылар, көбі – балалар.

Автобусты қауіпсіздік қызметі өкілдері қоршап алды. Полиция автоматты тапаншамен қаруланған әлгі адамды келіссөзге шақырып жатыр.