Дағыстанның Кизляр қаласында мэрдің орынбасарына қастандық жасалды

Дағыстанның Кизляр қаласында мэрдің орынбасары Василий Наумочкинге қастандық жасап, ауыр жаралап кетті.

Ол көлігімен жұмысқа кетіп бара жатқанда жанынан өте берген көлік оқ боратқан. Қылмыскерлер сытылып кетті. Қазір оларды іздеп жатыр.