Мексикада шахтадан 19 адамның мәйіті табылды

23 тамыз күні Мехиконың маңындағы қараусыз қалған шахтадан есірткі саудагерлерінің қолынан мерт болған 19 адамның сүйегі табылды.

22 тамызда Мексиканың орталығындағы Куэрнавака қаласындағы көпірдің астынан бастары шабылған төрт мәйіт табылған. Полицияның айтуынша, бұл қылмысқа да есірткі сатушылардың қатысы бар.

Мексикада есірткіге байланысты қақтығыстардың кесірінен төрт жылдың ішінде 28 мың адам мерт болды.