Филиппинде автобусқа жасалған шабуылдан төрт адам қаза болды

Бүгін таңертең Филиппиннің оңтүстігінде полиция формасын киген белгісіз адамдар жолаушылар автобусын тоқтатып, ішіндегі төрт адамды атып өлтірді, - деп хабарлайды Assotiated Press агенттігі.

Оққа ұшқандардың арасында құқыққорғау органдарының екі қызметкері бар. Полицияның ақпаратынша, автобус Кагэйан Де Оро қаласынан Замбоангу қаласына бара жатқан. Шабуылдың негізгі себебі әлі анықталмай отыр.