Путин: Восточныйдағы жаңа ғарыш миссиясы 2018 жылы басталады

Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қиыр Шығыста орналасқан жаңа ғарыш орталығынан адамы бар ғарыш миссиясы 2018 жылы ұшырыла бастайды деді.

Путин бұл мәлімдемесін Мәскеуден 5 800 шақырым жерде орналасқан Восточный қаласындағы ғарыш айлағының ашылу салтанатында айтты.

Ол Россия телеарнасына берген сұхбатында Восточный өзінің бүгінгі заманға сай орталығымен Ресейдің стратегиялық қажеттілігін өтейтін болады деді.