Алматылық зейнеткерлер билікке 91-ші үндеуін жолдады

Әр айдың 30-ы күні бас қосып, өз проблемаларын алға тартатын қазақстандық зейнеткерлердің осы айдағы жиыны 30-тамыз Қазақстанның конституция күнімен тұспа-тұс келді.

Зейнеткерлер ел президентіне, ЕҚЫҰ-на төрағалықты алған Қазақстанның өкілі Қанат Саудабаевқа, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке және өзге де билік өкілдеріне 91-ші үндеулерін жолдады.

Олар үкіметтен зейнетақыны көтеруді және коммуналдық қызмет көрсету құнын арзандатуды талап еткен. Алайда, зейнеткерлер президент әкімшілігінен олардың үндеуін енді қарамайтындары туралы жазбаша түрде жауап алғанын айтып отыр.