АҚШ Пхеньянға қарсы санкция енгізді

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция енгізді. Елдің қаржы министрі ядролық бағдарламаны жетілдіруге көмектесті деген күдікке іліккен Солтүстік Кореялық төрт азаматтың, үш компанияның және бес үкіметтік мекеменің есепшоттары құлыпталғанын хабарлады.

Санкция президент Барак Обаманың жарлығымен енгізілген.