Қазақстанның бірқатар аймақтарында үскірік болуы мүмкін

«Қазгидрометтің» болжауынша Қазақстанның кей аймақтарында бүгін түнде үскірік түсуі мүмкін. Мамандардың сөзінше, Ақмола, Павлодар мен Қарағанды облыстарында түнде ауа райы күрт суытып, температура 0-2 градусқа дейін жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман болады, 0-2 градусқа дейін үскірік түседі.

Осыған байланысты мамандар, тұрғындарға "мұқият болып, ауа-райының өзегруіне қатысты ақпараттты назарда ұстап, балаларды қараусыз қалдырмай, ұзақ жолдарға мүмкіндігінше шықпауға" кеңес беріп отыр.