Ауғанстанда ұрланған жапондық журналист босатылды

Жапонияның ақпарат көздері жазып жатқандай, Ауғанстандағы тәліптер ұрлап әкетіп, бес айдай кепілдікте ұстады делінген жапондық журналист босатылды.

Жапонияның ақпарат агенттігі ел дипломатының сөзіне сілтеме жасап, Ауғанстанның солтүстігінде сәуір айынан бері жоғалып кеткен тілші Кабулдағы Жапония елшілігінде отыр деп хабарлады.

Алайда Токиодағы Жапон Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметке қатысты пікір білдіруден бас тартты.