«ҚазақАлтын» президент Н.Назарбаевқа хат жолдады

«ҚазақАлтын» холдингісінің директорлар кеңесі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатында холдинг төңірегіндегі қалыптасқан ахуалға өзінің тікелей араласуын өтінеді.

Дүйсенбі күні баспасөз арқылы жарияланған хатта директорлар кеңесі «ҚазақАлтын» холдингін ресейлік «Полюс Золото» компаниясына қайта сату туралы келісімнің әзірленіп жатуына алаңдаушылық білдіріледі.

Хатта «ҚазақАлтын» мен «Полюс Золото» компанияларының арасындағы келісім-шарттың барлық талапқа сай және Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің қолдауы бойынша жасалғаны айтылады.

Қазақстанның қаржы полициясы «Қазақ Алтын» компаниясының бақылаушы акциялар бумасын сатып алғанда алаяқтық жасады деген айыппен «Полюс Золото» компаниясы директорлар кеңесінің үш мүшесіне қарсы қылмыстық іс қозғаған болатын.