Минск: Ресей елшілігіне анархистер шабуылдаған көрінеді

Минскіде Ресей елшілігінің ауласындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды. Олар анархистер ұйымының мүшелері болып шықты. Қазір барлығы да Минскідегі тәртіп бұзушылардың абақтасына жабылған көрінеді.

Осы жігіттер жалдап тұрған пәтерден компьютерлер мен ноутбуктер, сымсыз телефондар мен ақша тәркіленіпті.
2 қыркүйек күні бірқатар интернет-ресурста Минскідегі Ресей елшілігіне жасалған шабуылды анархистердің мойындағандарын хабарлаған болатын.

1 қыркүйекте Беларус президенті Александр Лукашенко өз елшілігіне қарсы жасалған шабуылға Ресейдің қатысы болуы мүмкіндігін теріске шығармайтынын мәлімдеді. Көп ұзамай Кремль Беларустің сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдаған.