Қытай: Іле өңірінде экономикалық аумақ ашылды

Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы аймағында арнайы экономикалық аумақ ашылды. Ол туралы «Чайна-брифинг» басылымын сілтеп көрсеткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Интернет-порталы хабарлайды.

Қазақстанмен шекаралас орналасқан Іле-Қазақ автономиялы аймағын негізінен этникалық қазақтар мекендейді.

200 шаршы шақырымды құрайтын жаңа экономикалық аумақ Қорғас шекара бекетін қазақ-қытай саудасының кіндігіне айналдыруға тиіс көрінеді.

«Чайна-брифинг» басылымының хабарлауынша, қазақ-қытай саудасының жылдық көлемі қазір шамамен 10 миллиард долларды құрайды. Қытай – Қазақстанның Ресейден кейінгі екінші ірі сауда әріптесі болып табылады.