Ауғанстанда НАТО сарбазы қаза тапты

НАТО-ның хабарлауынша, сәрсенбі күні Ауғанстандағы бүлікшілермен күресте коалицияның бір әскері қаза тапқан.

Осы шығынмен Ауғанстанда 2010 жылы мерт болған шетелдік әскерлер саны 500-ге жетті. Соңғы айларды талибан бүлікшілерінің қақтығысынан әскери шығын көбейіп кетті.