Павлодар облысындағы өрт сөндірілді

Павлодар облысындағы үш орман шаруашылығындағы өрт жалыны толығымен ауыздықталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Жұма, қыркүйектің 10-ы күнгі жағдай бойынша Первомайский, Көкжал және Майқарағай орман шаруашылықтарындағы өрттер толығымен жойылды. Өрттің қайта шығуын болдырмас үшін, төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған күштер, аталмыш учаскілерде қалдырылды.