Маңғыстау облысында мұнайшы қаза болды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы кен орнында 29 жастағы жұмыскер қаза болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақпаратқа қарағанда оқиға жексенбі күні болған. Бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскерді құбыр басып қалған.