Алматы облысында жер сілкінді

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қыркүйектің 12-сі күні кешке Алматы облысында жер сілкінді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 220 шақырым жерде болғандығы анықталды. Жер асты дүмпулері Талдықорған қаласында 3-4 балл, Алматы қаласында 2-3 балл шамасында болды.

Ықтимал шығындар туралы мәлімет түскен жоқ.