Қазақстанда алғаш рет балалар тағамын шығаратын зауыт ашылады

Қазақстанда қазан айында балалар тағамын шығаратын зауыт ашылады. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов бейсенбі күні түркі әлемі педиатрларының Х халықаралық конгресінде мәлімдеді..

Оның сөзінше, зауыт құрылысы аяқталған, 15 күннен кейін ашылады. Зауыт Алматы облысы Талғар қаласының түбінде орналасқан. Оның жобалық қуаты – тәулігіне 15 тонна сиыр етін балалар тағамы үшін құрғақ қоспаларға өңдеу.

Астанадағы Түркі әлемі педиатрларының «Педиатрия және балалар хирургиясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта өтіп жатқан Х халықаралық конгресінің аясында неонтология перспективасы, жаңа туған сәбилердің және балалардың жалпы педиатриясы, хирургия мәселелері талқылануда.