БҰҰ Пәкістанға көмек ретінде 2 млд.доллар сұрады

БҰҰ Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккен миллиондаған адамға көмектесу үшін әлем елдерінің үкіметтері мен қайырымдылық ұйымдарын 2 млд.доллар қаржы бөлуге шақырған. Бұл қаражат апаттан шығу үшін сұралған өте үлкен сома болып отыр.

Осының алдында қаңтар айында Гаитидегі зілзала құрбандарына 1,5 млд.доллар сұралған болатын. Жұма күні БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістандағы су тасқынын ең жаман табиғат апаты болды деп айтқан.

Ұйымның қаыйырымдылық істер жөніндегі кеңсесі Пәкістандағы 14 миллион халыққа көмектесу үшін 2 миллиард доллар жинауды көздеп отыр деген.

Пәкістандағы су тасқынынан 2 мың адам қаза тауып, 20 миллионнан аса халық баспанасыз қалды. Егінін су шайып, малы қрылып қалған миллиондаған адам құрсағы тойып тамақ ішпеуден түрлі ауруларға шалдығу қаупін күшейтті.