Франция Ресейге сатылатын соғыс кемелерінен қауіп жоқ деді

Франция қорғаныс министрі өздерінің соғыс кемесін Ресейге сату мүмкіндігін қорғап сөйлеп, мұндай қару саудасы Грузия қауіпсіздігін бұзады деген алаңдаушылықтарды жоққа шығарды.

НАТО-ға мүше кейбір елдер жоғары технологиямен жасалған соғыс кемелерінің сатылу мүмкіндігіне алаңдаушылық танытып, ол кемелер Ресейдің кішірек көршілеріне қарсы қолданылуы мүмкін деп айтқан еді.

Жұма күні Нью-Йорктегі БҰҰ-ның отырысында Франция қорғаныс министрі Эрве Морин ондай қауіптерді жоққа шығарып, Ресей бұрынғы Совет Одағы емес деді. Ресей Францияның соғыс кемелерін сатып алу үшін бірнеше ай келіссөздер өткізіп келеді.