Үндістанда екі пойыз соқтығысып қалды

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында екі пойыз қақтығысып, кем дегенде сегіз адам қаза тапты. 50-ге жуық жолаушы жтүрлі жарақат алды. .

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 04.30-де елдің астанасы Нью-Дели қаласынан 400 шақырымдай жердегі Бадарвас стансысында орын алған. Апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл Үндістанға соңғы екі ай ішінде пойыздардың соқтығысуынан орын алған екінші ірі апат.