Қазақстанда 12,5 млн тонна астық жиналды

Қазақстанда егіс алқабының 95 пайызынан 12,5 миллион тонна астық жиналды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман, «BNews» сайтындағы онлайн-конференция барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, енді Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында азғантай егінді жинап алу қажет.

Министрлік өкілінің сөзінше, республика бойынша биыл 13,5-14,5 миллион тонна астық жинап алу көзделіп отыр.