Қазан айында Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы өтеді

Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XVI сессиясы қазанның 20-сы күні өтеді. Бұл туралы бейсенбі күні жарық көрген ресми басылымдарда хабарланды.

Бұған сәйкес бұйрыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 20-сында қол қойды. Астанада өтетін шара «Қазақстан халқы ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік» деген атпен өтеді.

Үкіметке сессияны ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.