Подобедова әлем чемпионатында жеңіске жетті

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова өз салмағында чемпион атанды.

75 келлік салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы жалпы есепте 295 келіні бағындырды.

Әлем біріншілігінде екінші және үшінші орындарды ресейлік Наталья Заболотная мен Надежда Евстюхина өзара бөлісіп алды.