Германияда польшалық автобус апатынан 10 адам қаза тапты

Германия полициясы Берлиннің шығысындағы үлкен жолда апатқа ұшыраған польшалық жолаушылар автобусында 10 адам қаза болды, бірнеше адам жараланды деп айтты.

Жексенбі күнгі жол апаты туралы журналистерге хабарлаған Франкфурт полициясы автобус көпірді ұстайтын тұғырға соғылған деді.

Польша автобусында негізінен мектеп жасындағы балалар болғаны айтылып отыр.