Тәжікстанда ауған жауынгерлері арнайы дайындықтан өтеді

Тәжікстанға арнайы дайындықтан өту үшін ауған шекара полициясының 20 жауынгері келді.

Екі аптаға созылатын семинар барысында, олар жалған құжаттарды анықтау және Интерполдың мәліметтер базасымен жұмыс істеуді үйренетін болады.

ЕҚЫҰ-ның қатысуымен өтіп жатқан жобаның мақсаты - Ауғанстан мен оған көрші жатқан елдерге терроризм мен есірткі саудасына қарсы тұруға көмектесу.