Ирандық блогер 19 жылға бас бостандығынан айрылды

Ирандық блогер Хоссейн Дерахшан 19 жылға бас бостандығынан айрылды. Осылайша оны Иран билігі "мемлекетке қарсы белсенділігі үшін" жазалап отыр.

Иран және Канада азаматы болып табылатын Дерахшан 2008 жылы тұтқындалған еді.

Айыптау материалдарында блогер "Иран режиміне қарсы насихат жүргізді" және "дұшпан мемлекеттермен байланыста болды" деп көрсетілген.