Украина президентінің өкілеттілігі артуы мүмкін

Украинаның Конституциялық соты бүгін ел президенті Виктор Януковичтің өкілеттілігін арттыруы мүмкін қаулыны қабылдайды.

Виктор Януковичтің жақтастары 2004 жылғы конституциялық реформа кезінде парламентке берілген президент өкілеттілігінің біразын қайтаруды талап етіп қысым көрсеткен еді.

Украинаның Конституциялық соты бейсенбі, 30 қыркүйек күні президенттің өкілеттілігін арттыру туралы мәселеде бір мәмілеге келгендерін хабарлаған. Сот шешімі бүгін, 1 қазанда жария болуы керек.