Лукашенко Ресей компанияларын айыптап отыр

Президент Лукашенко Беларус оппозициясына қаржылай қолдау-көмек беріп жатыр деп орыстың компания-фирмаларына айып тағып, Ресей билігіне халықаралық саясатқа араласты деген сын айтты.

19 желтоқсандағы президент сайлауында билік басында төртінші мерзім қалғысы келіп отырған Александр Лукашенко Беларусты 1994 жылдан бері басқарып келеді.