Латвиядағы сайлауда «Единство» билік блогы жеңіске жетті

Сенбі күні өткен Парламент сайлауында Латвияның премьер-министрі Валдис Домбровскистің «Единство» блогы басым түскен.
Сайлау бюллетендерінің 90 пайызының нәтижесі бойынша сайлаушылар дауысының 30 пайыздан астамын «Единство» блогы еншілеген.

Екінші орында сайлаушылардың 25 пайызының даусын алған оппозициялық – «Центр согласия» партиясы, тағы да үш саяси бірлестік Латвия Сеймі қатарына өтті.

Көпшілік орынды билік коалициясының партиялары алады. Валдис Домбровскис жаңа үкіметті жасақтауға әзір екендігін де мәлімдеп үлгерді.