Бішкекте наразылық шарасы өтіп жатыр

Дүйсенбі күні Қырғызстан астанасы Бішкектегі парламент ғимаратының алдында 300-ге жуық арнайы қызмет қызметкерлері жиналып, тұтқындалған әріптестерін босатуды талап етті.

Арнайы қызметтің бір топ қызметкерлері биылғы сәуір айында билік ауысқанда "наразылық білдіргендерді өлтірді" деген айып негізінде тұтқынға алынған еді.

Ақпаратқа қарағанда, "Альфа" Ұлттық қауіпісіздік қызметінің 8, "Арыстан" Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің 11 қызметкері тұтқынға алынған.