Борышкерлер Марченконың кетуін талап етеді
Your browser doesn’t support HTML5
«Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері өз мәселелерінің шешілуін талап етіп, Ұлттық банк әкімшілігіне өтініш хат тапсырды. Онда олар банк төрағасы Григорий Марченконың қызметтен кетуін талап етті. Журналистер алдында алып шықпақ болған борышкерлердің ұрандарын полицейлер тартып алды. Алматы, 4 қазан 2010 жыл.