Қырғызстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы үй қамаққа көшірілді

Қырғызстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Алмаз Жолдошалиев түрмеден үйқамаққа көшірілді.

Мұндай жаза түрі дүйсенбі күні Бішкекте "Альфа" арнайы тобының 300-ге жуық қызметкерлері наразылық акциясын ұйымдастырғаннан кейін қолданылып отыр. Олар өздерінің тұтқындағы әріптестерін босатуды талап еткен еді.

Арнайы қызметтің бір топ қызметкерлері биылғы сәуір айында билік ауысқанда "наразылық білдіргендерді өлтірді" деген айып негізінде тұтқынға алынған болатын.

Бішкектегі қақтығыс кезінде 86 адам қаза болды. Жүздеген адам жарақат алды.