Тәжікстанда 25 қашқынның 15-і бостандықа жүр

Тәжікстанның қауіпсіздік күштері тамыз айында тергеу абақтысынан қашып құтылған 25 тұтқын-содырдың тағы бірінің көзін жойды. Ол Ауғанстан азаматы көрінеді.

Одан бұрын қашқындардың жетеуі қолға түсіп, біраз уақыттан кейін тағы үшеуі атыста оққа ұшты. Қашып құтылғандардың әлі 15-і бостандықта жүр.

Қашқындардың ізін кесу операциясын Тәжікстан ішкі істер министрі Әбдурахим Каххаровтың өзі тікелей басқарады.

Хабарға қарағанда, қашып құтылғандардың ішінде тәжіктерден басқа Ресейдің Өзбекстанның және Ауғанстанныцң азаматтары бар көрінеді.