Пәкістанда НАТО-ның 4 автоцистернасы өртелді

Пәкістанда жанармай тиілген автоцистерналарға шабуыл жасалып, көлік жүргізушілердің бірі қаза тапты. Бұл Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жанармай болатын.

Пәкістан полициясының мәлімдеуінше, шабуыл жасағандар елдің оңтүстік-батысындағы Кветта қаласының төңірегінде 4 автоцистернаны өртеді.

Өткен аптада Пәкістан үкіметі НАТО-ның соғыс тікұшағының зымырандық соққысынан өзінің 3 әскери қызметкерінің қаза болуына байланысты, Ауғанстандағы коалициялық күштерге қажетті жүк жеткізетін көлік жолын ресми түрде жапқан болатын.