Қытай премьері Вэнь Цзябао Түркияға барады

Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао екі күндік сапармен Түркияға барады. 

Қытай үкіметінің басшысы Түркия премьер- министрі Режеп Тайып Эрдоған және президент Абдулла Гүлмен кездеседі. 

Екі жақты кездесулер барысында сауда, энергетика, телекоммуникация және мәдениет саласына қатысты онға жуық келіссөздерге қол қойылады деп хабарланып отыр.