Қытайда XVI Азиада ойындары алауының эстафетасы басталды

Бүгін, сейсенбі күні Бейжіңдегі Аспан Храмында XVI Азиялық ойындар алауы эстафетасының ресми басталу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао XVI Азиада ойындары алауының эстафетасын ресми бастап берді.

Эстафета Бейжің қаласының, Хэйлунцзян, Цзилинь және Шаньдун провинциясы қалаларының, сондай-ақ Гуандун провинциясының 20 қаласының аумақтары арқылы өтеді. Эстафетаға 6 мен 100 жастың аралығындағы 200 мыңнан астам адам қатысады.

Алау эстафетасы XVI Азия ойындары өткізілетін жерге қарашаның 12-сінде жеткізіледі. Ойындар қарашаның 12-27-сі аралығында Гуанчжоуда өтеді.

Оған 45-тен астам Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан да 12 000 спортшы қатысады деп күтілуде.