Иран президентінің Бейрутқа сапары аяқталды

Бейсенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ливанға барған мемлекеттік сапарын аяқтады.

Сәрсенбі күні ол Ливан президенті Мишель Сүлейманмен келіссөз өткізіп: - Иран Ливанның тек шийт қауымдастығымен емес, бүкіл Ливан халқының одақтасы болғысы келеді, - деп мәлімдеді.

Ахмадинеджад, сонымен қатар, екі ел де – оның өз сөзімен айтқанда – «сионизм басқыншылығына» бірлесіп қарсы тұрғанын атап көрсетті.

АҚШ пен Израиль және Ливанның батысшыл саясаткерлері Иран президентінің сапары бүкіл аймақтағы ахуалға теріс ықпал етуі мүмкін деп, сапарға наразылық білдірді.