Осы айда ғана Ауғанстанда шетелдік 40 әскери қаза тапты

Бейсенбі күні көтерілісшілердің шабуылынан, нақтыланған мәлімет бойынша, НАТО-ның 8 жауынгері қаза тапты.

Қаза болғандардың қай елден шыққанын халықаралық күштер хабарламайды. Ауғанстанның түрлі түкпіріндегі жарылыстар мен шабуылдардан қаза тапқан олардың қандай жағдайда көз жұмғаны туралы да онша көп дерек жоқ.

Осы айдың басынан бері Ауғанстанда кем дегенде шетелдік 40 әскери көз жұмды.