Үндістанда діни шара кезіндегі дүрбелеңде 10 адам қаза тапты

Үндістан полициясының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі діни жиын кезінде туған үрейден дүрбелең болып, кемінде 10 адам қаза болды.

Тағы үш адам жарақаттанып ауруханаға түскен. Топалаңда төрт әйел мен алты ер адам қысылып қалған.

Бихар штатына үнділердің Навратри діни мерекесін тойлау үшін 20 мың адам жиналған еді.