Атаман Захаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Қазақстан халқы ассамблеясы төраға орынбасары Юрий Захаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін «Время» басылымы хабарлады. Ақпаратқа қарағанда қазір Захаровтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Ассамблеяның төраға орынбасары "жала жапты" деп айыпталып отыр. Сотқа атаман Владимир Овсянников шағымданған.

Басылымның хабарлауынша, дүйсенбі күні казактар одағы және бірқатар қоғамдық ұйымдардың казактары бірігіп президентке хат жазған. Олар Юрий Захаровты Қазақстан халқы ассамблеясы төраға орынбасары қызметінен алып тастауды сұрап отыр.