Назарбаевтың кеңесшісі оппозицияны айыптады

Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, «Литер» газетіне берген сұхбатында, қазақ оппозициясы қарама-қатар форум өткізу арқылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитін қаралағысы келеді деп мәлімдеді.

«Литер» басылымына берген сұхбатында Ертісбаев айтқанындай, қарама-қатар саммит өткізу бастамасы аталған еуропалық ұйымға мүше елдер басшыларының Астанадағы саммитін қаралауға бағытталған, ал алдағы саммитің маңызын толығымен не жартылай жою үшін «Қазақстаннан қашқан миллиардерлер мен мультимиллионерлер» қаражатын аямайды.