Африкада туған азамат Словениядағы Пиран қаласының мэрі болды

Ганада туған 54 жастағы дәрігер Питер Боссман 25 қазан күні өткен Пиран қаласының мэрін сайлау науқанында озып шықты. Биліктегі Социал-демократиялық партияның кандидаты Питер Боссман қаланың қазіргі басшысын жеңді.

Жаңа сайланған мэр 33 жылдан бері Словенияда тұрады. Ол - Шығыс Еуропадағы қала әкімшілігін басқарған тұңғыш африкалық азамат.